Қайырымдылық жобасы аясында 2 миллионнан астам адам қамтылды

34
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Бүгін «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасының нәтижелерін қалың бұқараға ұсыну бойынша қорытынды баспасөз-конференциясы өтті.

Бұл жоба 2020 жылдың шілде айынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылды.

Алғыс сөзден кейін, «Арнау» даму орталығының жетекшісі Ұлан Әбішев, жоба мақсаттарына – Қазақстанда қайырымдылық үдерістерін жүйелілеу және стандарттау, адамдарды игі істер жасауға талпындыру, мұқтаж адамдарға бірлесе көмектесу, сонымен бірге, жастар мен қоғам арасында қайырымдылық мәдениетін арттыру мәселелеріне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жоба басшысы тыңдаушылар назарын алты ай ішінде жүзеге асырылылған іс-шараларға аударып, оның басты көрсеткіштерін атады:

Екі тілді «Amal2020.kz» сайты және «Amal» мобильдік қосымшасы жасалынды. Онда жоба бойынша барлық өзекті ақпарат, қайырымдылық ұйымдарының мәліметтер базасы жарияланып, барлық қалаушыларға көмек сұрау немесе ұсыну формасы орналастырылды.

Қайырымдылықпен және оның қоғамдағы тұрпаты, жақсылық туралы балалар ойы, әлеуметтік эксперимент және қазақтың көне дәстүрі «Асармен» байланысты 10 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілердегі жобаның ресми парақшаларында көрсетілді.

Жастар арасында «Жақсылық жаса» креативтік идеялар бәсекесі еліміздің жетекші университеттерінің дебаттық топтарының арасында өткізілді. Жастар қайырымдылық туралы өз идеяларымен, оның артықшылықтары мен даму механизмдерімен бөлісті.

Әлеуметтік желілердегі жобаның ресми парақшаларында қайырымдылық істерін жүзеге асыратын белгілі медиа тұлғалар қатысуымен тікелей эфирлер топтамасы жүргізілді. Олар өздерінің қайырымдылық шараларын жүзеге асыру және меценаттық идеяларын дамыту тәжірибелерімен, сонымен бірге, жастар мен балалар арасында оны насихаттау тәсілдерімен бөлісті.

Еліміздің 20 жетекші университетінің 600-ден астам студенті үшін қайырымдылық туралы лекциялар ұйымдастырылды. Лекторлардың қатарында белгілі экономист Олжас Хұдайбергенов, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, «Болашақ» корпоративтік фондының директоры Азамат Божақов, Шымкент қаласында Ұлттық волонтерлік желінің өкілеті Данара Саранова, Қазақстан мен АҚШ арасында қарым-қатынасын дамыту бойынша сауда кеңесінің президенті Дэвид Валера және басқалары бар.

«Жақсылық жаса» челленджі аясында «Кішкентай сиқыршылар» суреттер байқауы өткізілді. 5 және 12 жас аралығындағы балалар өздерінің суреттерін Instagram әлеуметтік желісінде жариялады. Осылай, олар қайырымдылық туралы өз ойларымен бөлісті.

Байқау аудитория арасында кең таралып, балалар мен олардың ата-аналары белсенділік танытты. Барлығы байқауға 80-нен астам сурет қатысып, оның жеңімпазы Тараз қаласынан Сафина Каримова болды.

БАҚ және әлеуметтік желілер мен БАҚ-нда кең ақпараттық кампаниялар жүзеге асырылды. Күнделікті әлеуметтік желілерде посттар мен материалдар жарияланып, жоба туралы барлығы 700-ден астам материал жарық көрді.

Қазақстан Азаматтық Альянсының вице-президенті Гамал Түзелбаев жобаның әлеуметтік маңыздылығына тоқталып, болашақта қайырымдылықты жүзеге асыруда қоғамның атсалысуына көңіл бөлді. Спикер қайырымдылық мектебінің іске қосылып, студенттерге қайырымдылық туралы 10 тренинг өткізілгеніне тоқталды. Қатысушылардың қызығушылығы да назарға алынды.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қайырымдылық бағыттарына аса көңіл бөліп, олардың қоғамдық сананың модернизациялануымен қалайша үйлесетіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, басты назар жақындарға көмектесу қажеттілігінде болды, себебі, тек осылай ғана қоғам бірлестігі пайда болады делінді.

Еске сала кетейік, «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: