Басты бет Аймақтар Нұр-Сұлтан «Акселератор Нұр-Сұлтан» бағдарламасы іске қосылды

«Акселератор Нұр-Сұлтан» бағдарламасы іске қосылды

Бүгін «Seedspace Nur-Sultan» инновациялық алаңында «Акселератор Нұр-Сұлтан» ресми түрде іске қосылды. Бұл әкімдіктің тұрғындармен жасайтын жұмысын айқын көрсететін, елдорданың белсенді тұрғындарын, бақыланатын құрылымдарды, жекеменшік компанияларды қаланың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде біріктіретін  ортақ алаң,  деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Акселератордың назарында астананың әрбір тұрғынын мазалайтын 3 маңызды мәселе тұр. Бұл – қоғамдық көлік, ПИК қызмет жасауы және елорданы санитарлық тазалау.

Бағыттардың әрқайсысы бойынша қаланың ағымдағы жағдайын жақсартуға ықпал ететін бірегей шешімдерді әзірлеу және енгізу, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға 100 күнде қол жеткізу күтіледі.

Қала әкім орынбасары Малика Бектұрова айтып өткендей, бұл бастаманың негізгі міндеті қалалық қауымдастықтың идеялары мен ұсыныстарын, түйткілді мәселелерін бірлесіп шешу болып табылады.

«Біз қалалық акселераторлардың халықаралық тәжірибесін қолданамыз, оған айқын мысал Дубай қаласы болып табылады. Бізде сынақ режимінде әкімдіктің өкілдері, белсенді қала тұрғындары және қоғамдық ұйымдардан құрылған штаб жұмыс жасайды, ол акселератордың бүкіл жұмысын жүйелендіреді және байланыстырады», — деді Малика Бектұрова.

Акселератордың жұмыс нәтижелері арнайы www.nursultansmartaccelerator.com сайтында және Smart Astana мобильдік қолданбасында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...