Алдағы күндері Қазақстанда қайта күн суытады деп күтілуде

Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

«Қазгидромет» ресми сайтында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, 11-13 мамыр аралығында елімізде ауа температурасы қайта төмендейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстіктегі циклон жырасының әсерінен жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

11-12 мамыр аралығында батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, алдағы күндері ел бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Мәселен, солтүстік және шығыс аймақтарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүріп, Қазақстанның солтүстік-батыс пен солтүстігінде ауа температурасы +5…+15 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Автор: Рамазан Есмағамбетов