Алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа-райы қандай болады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылдың 16-18 қазанына арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауқымды антициклон Қазақстан аумағына өз ықпалын тигізуін жалғастыруда — бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа-райы қалыптасады.

Елдің батыс бөлігінде ғана циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп болжануда.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде болса желдің күшеюі, шаңды дауыл болады деп күтілуде.

Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының негізгі фоны 12….22 жылуды, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13…20 жылулықты, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13….23 жылуды құрайды.

Оқи отырыңыз: