Басты бет Қоғам Алматы қаласының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты

Алматы қаласының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова зімбір мен лимон дәрілік зат емес екенін, тек аурудың алдын алу үшін қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматының бас санитар дәрігері бұл өнімдер дәрі-дәрмекке жатпайтынын атап өтті.

«Зімбір мен лимон дәрі емес. Бұл – иммунитетті көтеруге, ағзаның функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін өнімдер. Бүгінгі таңда зімбірмен немесе лимонмен емдеу тиімділігі дәлелденген жоқ», — деді Молдағасымова.

Дегенмен дәрігер бұл өнімдердің пайдасы бар екенін жоққа шығармайды.

«Аурудың алдын алу үшін сарымсақ, зімбір, лимон және шөптерді, микроэлементтер мен дәрумендерді қолдану үлкен маңызға ие. Иммунитеті жоғары адамдар науқастармен қарым-қатынас жасаған кезде ауру жұқтырмайды. Оқшаулау және иммунитетті арттыру – әр адамның басты қорғаныс құралы. Бұл өнімдер тек аурудың алдын алу үшін қолданылады», — деді ол.

Сонымен қатар Молдағасымова коронавирусты емдеуде вирусқа қарсы арнайы препараттардың қолданылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде 103 дәрі бірінші деңгейдегі қажет дәрі болып саналады. Ол дәрілердің бағасы көтерілген жоқ.

«Осы дәрі-дәрмектерді әкімдік өкілдері күнделікті бақылап отырады. Алматының барлық сегіз ауданы қамтылды. 135 дәріхана ұйымы тексерілді. Бес дәріхана бөлімінде шекті бағаны көтеру дерегі анықталды. Ал бұл қол қойылған меморандум мен нормативті актілерді бұзу болып саналады», — деді Молдағасымова.

Аталған дерек бойынша іс сотқа жолданды. Тәртіп бұзушыларға 97 мың теңгеден 235 мың теңгеге дейін айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Елордадағы субұрқақтан энтеровирус РНҚ-сы табылды

Нұр-Сұлтанда ауа райының жылынуына және шомылу маусымының басталуына байланысты энтеровирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 2,6 есе өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне...

Талдықорғандағы мешітте имамды ұрып кетті

Талдықорғанда діни қызметкерді ұрғаны үшін деструктивті діни ағымның жақтаушысы қамауға алынды. Сот отырысында 33 жастағы ер адам кінәсін мойындап, өз ісіне өкінген, деп хабарлайды...

Жыл басынан бері 116 адам суға батып кетті: ТЖМ азаматтарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 116 адам суға батып кеткен, деп жазады...

Жеткілікті шек болмайды: зейнетақы жинағын жеке компанияға аударуға рұқсат берілуі мүмкін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарға зейнетақы жинағын жеткілікті шегіне қарамастан жеке компанияларға аударуға мүмкіндік беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. БЖЗҚ кеңесінің мүшелері салымшылар...

Атырау облысында 4 жасар егіз қыздар терезеден құлап кетті

Атырау облысында екі егіз қыз бала көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиға орнында болған куәгер хабарлады. Оқыс оқиға 27 маусым...

Ет неге қымбаттап жатыр – министр жауабы

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер министрден Қазақстанда неге ет қымбаттап...

Бізде қант 350 теңгеден сатылып жатыр – Құмар Ақсақалов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қант бағасын 350 теңге деңгейінде ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жыл басында облыстың тұрақтандыру қорына шамамен 800...