Алматы аспанында неліктен тікұшақтар ұшып жүр: Полиция жауап берді

100
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы полиция қаланы әуе арқылы күзетуді қайта жандандырды. Енді тәртіп сақшылары тікұшақпен шаһар жолдарына бақылау жасайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жолдағы жағдайды талдау және қозғалысы көп қиылыстарды анықтау үшін тікұшақтармен қаланы күзетуге кіріскен. Сондай-ақ, кептеліске қарсы тұру үшін негізгі магистральдарды тексеру жоспарланған.

Қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, соңғы жылдары қалада көлік саны көбейген. Полицей автокөлік қозғалысына кедергілерді анықтау үшін тікұшақпен күзету іске қосылғанын айтты.

Оның сөзінше, бұл шаралар Алматы жолдарына жиі болатын жол апаты мен травматизм санын азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ ол жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгертулер мен түзетулер енгізілетіндігін айтты.

Күзету үшін Төтенше жағдай департаментінің тікұшақтары қолданылады. Үшуға әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысады.

Күзету барысында әуе экипажы патрульшілерге қала жолдарындағы қиындықтар туралы хабар береді. Сонымен қатар, полиция жолдағы жағдайды талдау үшін бұған қосымша дрондар мен танымал картографиялық мобильді қосымшалар қолданылатынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз