Алматы қаласы әкімінің аппараты «Gulder.kz (Гүлдер.кз)» ЖШС-мен «кесілген тірі гүл шоқтары мен композицияларды» жеткізуге келісімшарт жасасты. Келісімшарттың жалпы сомасы — 25 млн теңге, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Тендерлік құжатқа сәйкес, жеткізуші «гүл шоқтары, себеттер, композициялар, сапалы кесілген тірі гүлдер түріндегі гүл өнімдерін» ұсынуы керек.
Әкімдік “Gulder.kz”-тің қызметін бір көзден, тікелей келісімшарт жасасу арқылы сатып алған. Яғни, әкімдіктегілер сатып алушыға одан гүл сатып алу туралы ұсыныспен өздері жүгінген.
Гүл не үшін және қанша көлемде сатып алынатыны көрсетілмеген. Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, шарт 9 ақпанда жасалған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік әлі гүлді әкімдікке жеткізбегенге ұқсайды, себебі порталда қызмет ақысы төленбегені көрсетілген.
Оқи отырыңыз:
- Өңірлерде АӘК төлемдерін тағайындау кезінде заң бұзушылықтар орын алған
- Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді
- Теңгенің құлдырауына байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме