Басты бет Аймақтар Алматы облысы Алматы облысына келушілер саны азайды

Алматы облысына келушілер саны азайды

Алматы облысына карантиннің алғашқы күнінде-ақ келуші адамдар саны азайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірден бастап Алматы облысы аумағында карантин жарияланған болатын. Облыстық Бас санитарлық дәрігердің қаулысы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының аумағына кіруге ниет білдіруші адамдар мен көліктер саны күрт азайды.

“Облысымызға келушілер санына талдау жүргізу барысында карантиннің алғашқы күні-ақ өтушілер саны 7000 адамға дейін қысқарды. Бұған дейін күніне 20 000 адамға дейін бекеттен өтетін. Сәйкесінше, көліктер саны да 12 мыңнан 5 мың көлікке дейін азайды”, — деді облыстық Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бағдат Әшімов.

Халық арасында жүргізілген сауалнама барысында тұрғындар мен облыс қонақтарының санитарлық алдын алу шараларына түсіністікпен қарайтыны және өз өмірін қатерге тігіп, қиын шақта бекеттерде қызмет етіп жатқан қызметкерлерді қолдайтыны белгілі болды.

Анықтама: қазіргі уақытта облыс аумағында 131 бекет қызмет атқарады. Оның ішінде 65 санитарлық және 66 мобильді бекет бар. Полиция, қорғаныс министрлігі және медицина қызметкерлері бекеттен өтушілерді тексеру үшін қажетті барлық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...