Басты бет Оқиға Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Бүгін түнде 15 жастағы Әсем Оразованың моншада есінен танып қалғаны турал қоңырау келіп түсті. Ол арада баланың қанша уақыт жатып қалғаны белгісіз. Әзірге, ресми ақпарат жоқ. Көршілері оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Аурухана қыздың үйіне тиіп тұр. Бірақ, куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдеммен келген жас дәрігер ештеңе істей алмаған, өйткені қолында ешқандай құрылғысы мен дәрісі болмаған. Қыздың есін жидырту үшін жасалған барлық әрекеттер сәтсіз болған», — деп жазды автор.

Оның айтуынша, ауыл ауруханасы туралы алып-қашпа сөз көп. Білікті дәрігерлер жетіспейді, құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен қызметтік көліктер де жоқ.

«Бұл жайт — ата-анасы үшін үлкен қасірет. Оларға қайғырып көңіл айтамын. Тиісті қызметтер мен мемлекеттік органдардан бұл жайтты бақылауға алуын сұраймын. Жедел жәрдем бригадасы жұмысына құқықтық баға беру керек. Егер дәрігер қызды құтқара алатын жағдайда болып, бірақ оны дұрыс атқара алмаса, онда олар заң бойынша жауап беруі керек, — деп сөзін түйіндеді жазба авторы.

Бұл жайтқа байланысты түсініктеме алу үшін zakon.kz тілшісі Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласты.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша мұқият тергеу жүргізіліп, жазбада сипатталған жағдайдың шындыққа жанаспайтындығы белгілі болды. Дәрігерлер қызға көмектесе алмаған, өйткені ол жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмған.

28 мамырда сағат 21:35-те диспетчерлік қызметке қоңырау келіп түсті. 21:39-да жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында болды. Бригада келген уақытта 2005 жылғы қызда ешқандай тіршілік белгілері болмаған. Мұндай жағдайда реанимация және басқа да шаралар жасалмайды. 28 мамырда, сағат 21:43-те биологиялық өлім тіркелді. Мәйіт сот-медициналық сараптамадан өткізуге тапсырылды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау қызметінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, департамент жедел жәрдем қызметкерлерінің барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...