Алматы облысында қар барысы камераға түсіп қалды – видео

37
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алматы облысының Алтынемел ұлттық саябағында қар барысы тағы да камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қараша айында түсірілген видео экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram желісінде жарияланды.

Бұл жолы камера қар барысы ұясының маңындағы жартасқа орнатылған екен. Ол жерде жануардың демалған сәті мен маңайды шолып ары-бері жүргені көрінеді.

«Барыстарды камераға түсіріп алған жерлер бір-бірінен қашық екенін ескерсек, бұл екі түрлі жағдай деп айтуға толық негіз бар. Ал енді мұны растау үшін жануарлардың терісіндегі дақтарға мұқият салыстыру жүргізілетін болады. Өйткені олар сырт көзге ұқсас болғанымен, ешқашан қайталанбайды», –делінген хабарламада.

Айта кетейік, қар барысы санының азаюына байланысты ол Қызыл кітапқа енетін жануарлар қатарына жатады. Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық барыс бар, ал әлем бойынша жеті мыңнан аспайды.

Ғылыми тұрғыда негізделген ресми ақпараттың жоқтығына қарамастан, қар барысының Алтынемел ұлттық саябағында өмір сүретіні талай рет дәлелденген.

Жалпы, бұл жыл басынан бері аталған жырқыш аңның табиғи саябақ аумағында түсірілген екінші бейне, фото суреті.

Мұның алдында қар барысы қыркүйек айында түсіп үлгерген болатын.

Оқи отырыңыз: