Басты бет Оқиға Қылмыс Алматы облысында атыс болды

Алматы облысында атыс болды

Қазақстан мен Қытайдың шекаралас ауданы Панфиловқа қарасты Көктал ауылында 16 қаңтарда екі топ адам төбелесіп, атысты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төбелескендер суық әрі атыс қаруын қолданды, салдарынан төрт адам ауруханаға түсті. Сондай-ақ, оқиға орны маңынан 27 жастағы жергілікті тұрғынның өлі денесі табылды.

Оқиғаға он шақты адам қатысқаны белгілі болды, олардың жеке тұлғаларын полиция анықтап үлгерді, қазір олардың үшеуі қамауға алынған.

«Төрт адам ауруханаға түскені белгілі. Жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық сот қамауға алуға санкция берген тағы үшеу ұсталды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-шы бабы, яғни «Адам өлтіру», 293-бабы, яғни «Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау», сондай-ақ 99 бапқа әкеліп соққан 24-бабы, «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті соттық-сараптама тағайындалды. Бұл істі тергеуді облыстық тергеу басқармасы айналысатынын және ол облыстық полиция департаменті басшысының жеке бақылауына алынғанын атап өтеміз», — деді Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты екі пышақ пен үш аңшы мылтығы тәркіленді. Олар іс материалдарына заттай айғақтар ретінде тіркелді. Төбелестің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...