Алматы облысы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Досымбаев Наурыз мерекесінде ұлттық ойындарға халықпен бірге қатысып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мәселен, ол өзінің туған ауылы Талдыбұлақта өткен Наурыз мерекесінде қол күрестіріп, салмағы 40 келі қойды 50 рет көтерген.
Бұл сәттің видеосын Талғар әкімдігі ресми Instagram парақшасында жариялады.
Видеоны көрген желі қолданушылары әкімнің әрекетіне риза болып, түрлі пікірлерін жазған.
«Жарайсыз, әкім мырза! Қарапайым халықпен бірге осындай қарапайым болып қала беріңіз», «Ұлық болсаң кішік бол деген осы», «Әкім деген осылай болу керек қой халықпен араласып, сонда халқына жақын болады», — деп жазды олар.
Айта кетейік, 34 жастағы Нұрбол Досымбаевты Белбұлақ ауылдық округінің әкімі етіп халық сайлаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram-дағы Talgarnewskz парақшасының мәліметінше, осы мерекеде Талдыбұлақ ауылының 12 жастағы тұрғыны Досжан Қалинұр 30 келі тартатын малды 115 рет көтерген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Автор: Адина Жусупова
Оқи отырыңыз:
- Алматыда автобусқа жылқысымен кірген азаматқа айыппұл салынды (видео)
- Елорда полицейлері жаңа форма киді
- Коллекционер мыңнан астам Барби қуыршағын жинады – видео