Басты бет Оқиға Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында болды. Аю 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына шабуыл жасаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

– Куәгерлердің айтуы бойынша, қайтыс болған адам туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы. 28 мамыр күні оқыс оқиғаға тап болған ер адам “Лайка” тұқымды итімен және үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. 30 мамыр күні, үйге қайтып келе жатып, жолаушылар алты шақырымға жуық жол жүрген. Сол сәтте ит аюдың қонжықтарын байқап оны қуған. Итті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңдарынан ерген. Ағаштардың арасына жүгіріп кеткен ит, бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған адам итіне көмектеспек болып ағаш арасына кіріпті. Біраз уақыт өте ер адамның да қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра ағаш арасынан, жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан. Қаза болған адамның достары оны және итін таланған жерлерінен өлі күйінде тапқан, – дейді Алакөл аудандық Полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

Полицейлер көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатындығын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті. Адамға шабуыл жасауға итермелеген себеп ретінде аюдың қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, аю атылмайды.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...