Басты бет Оқиға Алматы облысында бірнеше полицей ұсталды

Алматы облысында бірнеше полицей ұсталды

Алматы облысында бірнеше полиция қызметкері жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция майоры, Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы және аға лейтенант, Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторына қатысты азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы күдіктінің ісін неғұрлым жеңіл санатқа қайта саралау желеуімен 1 250 000 теңге ақшасын иемденгені үшін Алматы қаласында сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бұдан бөлек, Қарасай ауданы полиция басқармасы тергеушісінің қылмысы әшкереленді.

Ол басқа тергеуші жүргізіп жатқан қылмыстық іс бойынша бас бостандығын шектеуге байланысты жазаны ауыстырамын деп алдап, біреудің 2,5 миллион теңгеге жуық ақшасын иемденіп кеткен.

Бұл фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейін сот анықтап, шешім қабылдайды.

Оқи отырыңыз:

  • Таразда жетім балаларға қырғидай тиген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)
  • Головкинге рингке шығуға неге тыйым салынды?
  • Орал: Қоқыс жәшігінен табылған өлі нәрестенің шешесі тергелуде

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...