Алматы облысында екі бала мұз астына түсіп кетті

Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Іле ауданы Түймебаев атындағы ауылда төтенше оқиға болды. 2014 және 2016 жылы туған екі бала мұз астына түсіп кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.  

Олар ересектердің қарауынсыз қалған. Балалар суға батып кетті.

Балалардың денесі жақындарына тапсырылды…

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті балаларды жалғыз қалдырмау керек екенін ескертеді. Қазіргі уақытта мұз қалыңдығы адам салмағын көтере алмауы мүмкін.

Қараша айының соңында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болған еді. 6 және 9 жастағы балалар суарма арық маңында ойнап жүрген.

Оқи отырыңыз: