Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында өрт әйел мен оның балаларының өмірін қиды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбі, 16 қарашаға қараған түні, сағат 00:48-де өртке қарсы қызметтің пультіне «Труженник» саяжайындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер келген кезде үй толықтай өртке оранған. Жалын сағат 02:36-да сөндірілді.Оқиға орнында үйінділерді аршу кезінде жартылай күйген үш мәйіт табылды: 34 жастағы үй иесі мен оның 5 және 11 жастағы екі ұлы», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің 14 қызметкері мен үш өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
- Ішкі істер министрлігі қазақстандық танымал тергеушіге қатысты тексерісті бастады
- Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды
- «Астана» — «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты