Басты бет Қоғам Алматы облысында митингке шығуға үгіттеген екі адам тұтқындалды (видео)

Алматы облысында митингке шығуға үгіттеген екі адам тұтқындалды (видео)

Фото: instagram.com/mamayzhanbolat

Алматы облысында заңсыз митингіге шақырғаны үшін екі адам ұсталды. Олардың арасында белсенді Жанболат Мамай да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полиция департаменті 31 жастағы Жанболат Мамай мен 29 жастағы Рахматолла Жанболдың ұсталғанын хабарлады.

Полиция хабарламасында ұсталғандардың әлеуметтік желілердің көмегімен қазақстандықтарды заңсыз митингке қатысуға шақырған.

Сот Мамайды 3 тәулікке, Рахматолланы 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға санкцияланбаған митингтерге қатысудан бас тарту туралы айтып, ескерту жасады.

Өз хатында қадағалау органы азаматтардың заңсыз іс-шараларға қатысуға негізінен экстремистік деп танылған және елде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымының (ҚДТ) шақыратынын атап өтті.

Заңға сәйкес, азаматтар бейбіт шеру ұйымдастырғысы келсе, онда ең алдымен оны ұйымдастыруға рұқсат алуы керек.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ресми рұқсат алғанға дейінгі митинг орны мен уақытын жариялау әкімшілік жауапкершілікті көздейді деп еске салды бас прокуратурада.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...