Басты бет Оқиға Алматы облысында оқушы жүкті болып қалды: қыздың өгей әкесі өзіне қол салды

Алматы облысында оқушы жүкті болып қалды: қыздың өгей әкесі өзіне қол салды

Алакөл ауданында өгей әкесінен зорлық көрген қыз жүкті болып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

8-сынып оқушысының жүкті болу фактісін Ювеналды полиция 2019 жылы 25 желтоқсанда Лепсі орта мектебінде жүргізілген сауалнама барысында анықтаған.

«Сауалнама барысында жәбірленуші өзін 49 жастағы өгей әкесі зорлағанын түсіндірді. Дәл сол күні, 25 желтоқсанда аталған факті Алакөл ауданы полициясының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Күдікті ретінде жауап алынған ер адам өгей қызын зорламағанын айтып, кінәсін мойындамаған.

«27 желтоқсанда кетіп қалмау жөнінде қолхат берген күдікті ферма шаруашылығы аумағында өзіне қол салды. Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қажетті сараптаманы тағайындай отырып, тергеуді жалғастырып жатыр», — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Тергеу барысы сондай-ақ Алматы облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бақылауында болады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...