Алматы облысында сырғанақ тепкен ер адам мерт болды

Фото: instagram.com

Отыз жастағы Талдықорған тұрғыны Текелі маңындағы тау-шаңғы базасында сырғанақ теуіп жүріп, ауыр жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, қаза тапты. Полиция аталған факт бойынша қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Жұма, 24 қаңтар күні Текелі маңындағы шаңғы базасында біздің ағамыз қаза болды. Ол баллоннан ұшып кетті. Оның омыртқасы үш жерден сынып, ауруханаға жетпей жан тапсырды», — делінген желіде.

Алматы облысының полициясы аталған фактіні растап, ол бойынша қылмыстық тергеу басталғанын атап өтті.

View this post on Instagram

Здравствуйте. В пятницу 24 января на лыжной базе вблизи г. Текели погиб наш брат, вылетев с баллона. Перелом позвоночника в трёх местах, умер не доехав до больницы г. Текели. В тот же день, на данной базе получила травму ещё одна девушка. Еженедельно происходят несчастные случаи в данном месте, однако мер со стороны администрации города или меры обеспечения безопасности со стороны владельцев не принимаются. Мы хотели узнать, можем ли через вашу страницу призвать людей пострадавших в аналогичной ситуации собраться и решить проблему. Чтобы запретили использования баллонов (что давно запрещено во всем цивилизованном мире) и обязать владельцев базы обеспечить безопасность посетителей. Ведь сегодня мы потеряли брата, завтра это может быть брат, папа, дочь любого из жильцов.

A post shared by ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta) on

«Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-тармағына (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыстар жүргізу немесе қызметтер көрсету) сәйкес қажетті сараптамалар бекітіліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында адам өлімінің барлық мән-жайы анықталады», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Аталған бап бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: