Алматы облысының тұрғыны әйелінің 36 жастағы көңілдесін балтамен ұрып өлтірді

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алматы облысында 32 жастағы тұрғын әйелінің көңілдесін балталап өлтіріп тастады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аудандық полиция бөлімшесіне көптеген балта іздерінен денесі кесілген және ми жарақатын алған ер адам туралы ақпарат түседі. Ер адам ауыр жарақат салдарынан ес жимастан, қайтыс болды.

Аталған қылмыстық іс бойынша жедел тергеу тобы марқұмның кім екенін анықтады. Ол 36 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.

2021 жылдың 6 қарашасында 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол танысын аяусыз өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол туған күн кешінде марқұм азамат әйелінің көңілдесі екенін естиді.

Кейін үйіне оралып, әйелін мойындатады. Әйелінің мойындаған сәтін бейнекамераға түсіріп алған күдікті оның көңілдесін белгісіз жерге шақырып, аталған бейнежазбаны көрсетіп, әйелінің көңілдесіне көптеген балта жарақатын салады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 2014 жылы да істі болған. Ол қасақана денсаулыққа ауыр жарақат салып, кейін жәбірленушінің өліміне әкелігені үшін сотталған.

Бүгінде күдікті уақытша қамау изоляторына алынды. Қылмыс кезінде қолданылған балта полицейлерге өткізілді.

Автор: Көркем Әли

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз