Алматы-Қорғас тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«25 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Алматы-Қорғас жолының 134 шақырымында қою туман кесірінен 17 көлік соқтығысты», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді.
Апат орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр. Жолдың 84-136 шақырымының арасы жабық. Куәгерлердің айтуынша, жол қатты көктайғақ.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі күн райының бұзылуына байланысты дабылды ескертулер туралы хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Дәулет Ниязбеков: Күреске тоймай кетіп барамын
- Теміртауда дүкен сатушысы қарақшыға тойтарыс берді
- Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі қаланың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз