Алматы полициясы аялдамада қарияны таяқпен ұрған жүргізушіні іздеп жатыр – видео

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алматы полициясы аялдама маңында қарт адамды таяқпен ұрып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

БАҚ пен әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында жүргізушінің қарияны ұрған сәті түскен видео анықталды. Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы бұл факті бойынша процессуалды тексеріс бастады.

«Жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыра отырып, қазіргі таңда күдіктіні ұстау шаралары қабылданып жатыр. Тексеріс барысы мен нәтижесі Алматы полиция департаментінің бақылауына алынды», — деп жазды Әбдірахманов желіде.

Құқықбұзушыға қандай шара қолданылатыны жайлы қосымша хабарланады.