Басты бет Қоғам Алматы полициясы: Көліктер айып тұрағына тоғытылады

Алматы полициясы: Көліктер айып тұрағына тоғытылады

Алматы қаласының полициясы күшейтілген карантин режимін бұзғандар қандай жазаға тартылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, қазіргі кезде карантиндік шараларды күшейту мақсатында қала ішінде 26 бекет орнатылды. Сол жерде көлік құралдары тексеріледі.

«Төтенше жағдай режимін қасақана бұзатын автокөлік иелері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 785-бабына сәйкес, айып тұрағына жөнелтіледі. Қазір қала сыртынан кіретін көліктерге шектеу қойылды. Бірақ қаланың ішінде бекерден-бекер жүрген автокөліктер көп. Көшеде қаланың өміріне керек көлік иелері ғана жүруі тиіс», — деді Таймерденов бүгінгі баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, бүгін тек ескерту жасалып жатыр. Бірақ ертеңнен бастап ондай адамдар әкімшілік жауапқа тартылады.

«Сергек» жүйесі арқылы тәртіп бұзушылықтардың бар-жоғы да тексеріледі. Қазіргі кезде күшейтілген карантиндік режимге байланысты жаяу патруль мен патрульдік полиция бригадасы қайта топтастырылды. Қызмет көрсету механизмі жаңартылды.

Негізгі назар насихат жұмыстарына бағытталады.  Дегенмен, төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзу әрекеттері болса, әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады.

«Азаматтардың көптеп жиналуына жол берілмейді, егер бұл талаптар ескерілмесе, құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 473-бабы – қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау және 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу бойынша әкімшілік шаралар қолданылады», — деп атап өтті Таймерденов.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық мекемеге жедел бару кезінде ғана үйден шығуға рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...