Басты бет Оқиға Төтенше оқиға Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды

Алматы түбіндегі апат: ұшақтың «қара жәшігіндегі» жазбалар оқылды

Мемлекетаралық авиациялық комитет өткен жылдың соңында Алматы түбінде құлаған «Бек Эйр» ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбаларды оқыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Комитеттің ғылыми-техникалық орталығында ұшақтың өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілді. Ақпараттың алдын ала сараптамасы оқиғаның хронологиясы мен апаттың негізгі нұсқасын анықтауға жағдай жасады», — деп жазылған хабарламада.

Тергеуге әуе кемесі жасалған Нидерланд елінің кеңесшілері мен сенімді уәкілдері қатысып отыр.

Айта кетсек, бұған дейін ұшқыштар сөзінің жазбасына сүйеніп, премьер-министр орынбасары Роман Скляр апаттың негізгі себебін атаған болатын. Оның айтуынша, ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы – негізгі себеп. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған.

Өздігінен жазатын құралындағы жазбалар Нидерланд елінің сенімді уәкіліне берілді.

«Комиссия шешіміне сәйкес, ұшуды математикалық модельдеу жұмысы басталды. Ол әуе кемесінің апаттық ұшу кезіндегі аэродинамикалық сипаттамасын анықтауға жағдай жасайды. Экипаж әрекеті мен ұшақтың қозғалыс параметрлері зерттеледі», — делінген хабарламада.

Модельдеу жұмысын мемлекетаралық авиациялық комитет сарапшылары Нидерланд, Қазақстан және EASA мамандарымен бірлесе жүргізеді.

Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко ұшақ апатының себебін тергеуге бір жылдан астам уақыт кететінін мәлімдеген болатын.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш жансақтау бөліміне түскен.

Ішкі істер министрлігі әуе апатына себеп болған үш жағдайды атады. Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...