Басты бет Оқиға Төтенше оқиға Алматы түбіндегі Bek Air ұшағы апатының негізгі себебі жарияланды

Алматы түбіндегі Bek Air ұшағы апатының негізгі себебі жарияланды

Үкіметтік комиссия Алматы түбіндегі Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау себебінің алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

«Ұшақтың сыртына мұздың қатып қалуы — негізгі себеп. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған», — деп мәлім етті премьер-министрдің орынбасары, индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Скляр.

Комиссия ұшақтың сыртындағы қатып қалған мұзды еріту жұмыстары жартылай ғана жасалғанын анықтаған.

«Ұшақ командирі арнайы сұйықтықпен тек стабилизаторды ғана өңдеуге шешім қабылдаған. Ұшақтың қанаттары өңделген жоқ. Ол күні Атырауға ұшқан тура сондай ұшақтың да сырты сұйықтықпен өңделмегені анықталды», — деді Скляр.

Оның айтуынша, бас кезінде апаттың төрт себебі болған. Олар – жүкті артық салу, сыртқы факторлардың (ауа-райының қолайсыздығы, жел бағытының өзгеруі, құйынды ағын мен қатқақ) әсері, ұшқыштардың қателігі және техникалық ақаулық. Комиссия коммерциялық жүк салу жағынан тәртіп бұзушылық болмағанын анықтады. Желдің бағыты өзгермеген. Екі минут бұрын көтерілген ұшақтың құйынды ізі де солға қарай ығысып кетті. Басқа себептер зерделеніп жатыр.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Нұр-Сұлтанға ұшпақшы болған Fokker-100 жолаушылар ұшағы 27 желтоқсанда таңғы сағат 07.21-де Алматы түбінде апатқа ұшырады. Бортта 98 адам болған, оның ішінде тоғыз бала және бес экипаж мүшесі. Апат салдарынан 12 қазақстандық көз жұмды.

Бұған дейін апаттың үш себебі айтылды: экипаж қателігі, техникалық ақаулық және навигациялық қызмет жұмысы.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...