Басты бет Оқиға Төтенше оқиға Алматы түбіндегі әуе апаты: бір отбасының төрт баласы зардап шекті

Алматы түбіндегі әуе апаты: бір отбасының төрт баласы зардап шекті

Балалар омбудсмені Аружан Саин Алматы түбіндегі ұшақ апаты кезінде зардап шеккен балаларға барып қайтты. Ол сол рейстің кішкентай жолаушыларының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Зардап шеккен балалардың төртеуі бір отбасыдан екен, жалғыз асыраушылары – әкесі қаза болды. Ауруханада Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымовты жолықтырдық, ол туыстарымен кездесті. Әкімдік отбасына көмектесу үшін шаралар қабылдауда», — деп хабарлады Аружан Саин.

Оның айтуынша, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында екі бала жатыр.

«Үш баланың аяғы сынған, бір қыздың екі аяғына да зақым келді, осы уақытқа дейін барлық операция жасалды, қыздардың бірі палатада. Операциядан кейін екі баладан басқасы есін жиды. Олар жан сақтау бөлімінде – ұйқыда жатыр, барлығы өздігінен дем алуда. Балалардың ешқайсының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ең кішкентай балалар ауыр жарақат алмаған, олардың екеуі әзірге жан сақтау бөлімінде», — деп жазды Саин.

Ол қаланың барлық қызметіне, құтқарушыларға, әскери қызметкерлерге, жедел жәрдем дәрігерлеріне, зардап шеккендерді құтқарып, қазір көмектесіп жатқан клиникаларға алғысын білдірді.

Ұшақтың бөлінген жерінде отырған

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жарақат алған ең ересек бала туралы айтты. Жанқозы төртінші қатарда – терезе жанында, ұшақтың сынған жеріне өте жақын жерде отырған.

«Оқиға кезінде бала өзін-өзі ұстай білді, ересектерге құлаған заттарды алуға көмектесті. Ал сыртқа шыққанда төтенше жағдайлар қызметкерлері мен әскерилерге ол жерді тазартуға, кірпіш тасуға көмектеспек болды. Әрине, олар оған рұқсат бермеді, оны жедел жәрдемге алып барып, ауруханаға жіберді», — деп түйіндеді Саин.

Баланың әкесі баласын осы рейспен елордада жұмыс істейтін анасына жібергенін айтты.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан жұма күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...