Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды

20
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Бір апта ішінде Алматыда карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінде мониторингтік топтың жұмысы барысында 2020 жылғы 7-14 қыркүйек аралығында 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғаны анықталды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 16 млн 376 мың тг. Әкімшілік сотқа 1 материал қарауға жіберілді.

Кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі заң бұзушылықтары – дезинфекциялық құралдардың болмауы, жұмыс режимінің, маска режимінің бұзылуы және т.б.

Мысалы, Алматы қаласы Түрксіб ауданының мониторингтік тобының жұмысы барысында «Ламази» мейрамханасында 60 адамға арналған Үйлену тойын (құдалық) өткізу заң бұзушылығы анықталды. Осыған ұқсас заңбұзушылық Медеу ауданындағы «Айлина» мейрамханасында тіркелген. Кәсіпкерлердің әрқайсысына қатысты хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін мониторингтік топтар 9 мыңнан астам тексеріске шықты. Әкімшілік бұзушылықтар туралы 3756 хаттама толтырылды. Өз еріктерімен 1635 нысан қызметтерін тоқтатты. Маска режимін бұзғаны үшін 3366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында – 69 адамға айыппұл салынды. Карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі жеке жұмыс қоғамдық көлікте жүргізіледі, а.ж. 27 тамызынан бері маска тақпағаны үшін 61 жеке тұлғаға айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша 26 мониторинг топ карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында жұмыс істеуде. Санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтау коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу үшін маңызды. Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктерінің өкілдері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, сондай-ақ полиция қызметкерлері кіреді.

Оқи отырыңыз: