Басты бет Оқиға Алматы тұрғыны мен полицейдің жанжалы: оқиғаға нүкте қойылды

Алматы тұрғыны мен полицейдің жанжалы: оқиғаға нүкте қойылды

Алматы тұрғыны мен оның жолдасы полицияның патрульдік тобына бағынбады. Оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде толық емес ақпаратты жариялағаны үшін бірі сотталып, екіншісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кешеден бері Алматы тұрғыны мен полиция өкілінің жанжалы көрсетілген бейнеролик әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыға түсті.

Алматы полициясы видеодағы оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтап, жағдайдың қалай болғанын нақтылады.

View this post on Instagram

В Сети появилось полное видео конфликта в Алматы, произошедшего между сотрудником полиции и мужчиной с коляской. ⠀ Как оказалось, ситуация началась на аллее, на спортплощадке, где, судя по видео, мужчина в присутствии жены с ребенком, и других людей, записывал видео-тренировку. ⠀ Им сделали замечание. Во-первых, мужчина был без маски. Во-вторых, выход из дома без веских причин в городе запрещен в связи с карантином. ⠀ На видео видно, что изначально молодые люди были агрессивно настроены. "Тыкали" стражу порядка. Один молодой человек грубил ему, оскорблял матом, хватал за руки, за форму. Мужчина с коляской в какой-то момент грубо оттолкнул от себя полицейского. Что было далее, выложили в Сеть накануне вечером — все переросло в потасовку. ⠀ Помимо этого есть видеозапись того, что за отцом семейства полицейские пришли домой, их не пустили, а жена сообщила, что его нет. ⠀ Позже один из участников видео извинился на камеру ⠀ По данным ДП Алматы, действия одного мужчины квалифицированы по признакам преступления, предусмотренного статьей 379 УК РК. Ранее он привлекался к уголовной ответственности по статье 189 УК РК. Другой мужчина привлечен к административной ответственности за нарушение режима ЧП по статье 476 КРКобАП. ⠀ 📝zakon.kz

A post shared by Алматы | Almaty (@almaty_city) on

Оқиғаның толық видеосын зерттеу нәтижесінде, жеке қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері екі жігіттің жанжал тудырып, полицей мен екі сарбазға бағынбағаны анықталды.

«Бұл оқиға бір күн бұрын Алматы қаласының Медеу ауданында, Қайырбеков пен Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінің жанында болған. Патрульдік топтың карантин ережесін сақтау керек екені туралы ауызша ескертуіне екі ер адам жауап қайтара бастаған. Олардың бірі учаскелік инспекторға бағынбай, оның киімін жыртып тастаған», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде тараған видео толық емес екенін айтты. Тұрғындар полицейлерді кінәлі етіп көрсету үшін бейненің жартысын қысқартып тастаған.

«Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың бірінің әрекеті қылмыстық кодекстің 379-бабы («билік өкіліне бағынбау») бойынша қарастырылды. Кейіннен күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ал оның досы төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік кодекстің 476-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңға сәйкес, полиция қызметкеріне бағынбаған адамға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (5 миллион 556 мың теңге) немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...