Түркияның TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайының жүз пайыз акциясын 415 миллион долларға сатып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, TAV Airports холдингінің консорциумдағы үлесі 75 пайыздан кем болмаған.
Алдағы уақытта құжаттардың барлығы заңды түрде реттелген соң барлық акцияны табыс ету жүзеге аспақ.
Алматы әуежайы TAV Airports Holding-тің портфелінде он бесінші болып тұрғаны анықталды.
«Қазақстан географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ірі ел. Алматы – ішкі жалпы өнімнің 20 пайызы тұтынылатын үлкен қала. Одан басқа «заманауи Жібек жолының», яғни, Қытай, Еуропа, Африканы байланыстырып тұрған ірі орталық. Оның әлеуеті зор. Біз өзіміздің білімімізге сүйеніп, іс-әрекеттерді жүзеге асыратын боламыз», — дейді холдингтің президенті және абс директоры Сани Шенер.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев пен Өзбекстан президенті телефон арқылы сөйлесті
- Саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі әкіммен толықты
- АҚШ: коронавирустың жаңа түрі Алматыдағы зертханадан таралмаған
Фото: NUR.KZ
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз