Алматылық жастар 18 мамырдан бастап «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім бере алады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.
Бағдарлама аясында қатысушыларға жеңілдетілген 5%-пен 18 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Жастар жаңа үйлерді де, екінші нарықтағы үйлерді де сатып ала алады.
Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-і, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.
Оқи отырыңыз:
- 2025 жылы жамбылдықтар 100% ауыз су және газбен қамтылмақ
- Халық уәдесін орындамаған депутатты кері қайтара алады – министрлік тәртібін түсіндірді
- «Алматыға 1000 теңгемен келдім»: Маржан Арапбаева студенттік кезін есіне алды