Басты бет Қоғам Алматыда 1000-нан астам элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге...

Алматыда 1000-нан астам элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз

2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 1 қазанында өткеніне қарамастан, элиталық үйлер мен пәтерлер иелері қарызды өтеуге асығар емес, деп хабарлайды zakon.kz.

28.11.2019 жылғы жағдай бойынша Алматыда 1028 элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз болды.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 3 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы бойынша МКД Полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларымен Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы шығарылған қаулылар бойынша шаралар қабылдау жолымен жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алуға бағытталған іс-шаралар басталды, атап айтқанда борышкердің өзінде не өзге де жеке немесе заңды тұлғаларда тұрған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін алып қою шараларын қолдану жоспарлануда.

Осылайша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен, Меншікке салынатын салықтар бойынша салық берешегін өз еркімен өтеуін сұрайды, бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында немесе мына сілтеме бойынша өтіп біле алатынын еске саламыз.

Сонымен қатар, жеке тұлға салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару арқылы жүргізілетін салықтық рақымшылық туралы жеке тұлғалардың назарына жеткіземіз. Өсімпұлдар негізгі салық қарызын төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде автоматты түрде есептен шығарылады.

Өткізіліп жатқан салықтық рақымшылық 2019 жылдың 31 желтоқсанда аяқталады.

Жеке тұлғалардың салықтық қарызына қатысты барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының тұрғындары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасына т.267-69-94, 267-69-26 арқылы жүгіне алады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...