Алматыда рұқсат құжатынсыз 14 мыңға жуық нысан салынған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сенаттың жалпы отырысында депутат Ольга Булавкина рұқсат құжаттарсыз салынған құрылыс нысандарына қатысты сұрады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев рұқсатсыз салынған құрылыс нысандарын заңдастыру мен сүріп тастау тәртібі заңнамада реттелгенін және бұл рәсімдер сот арқылы шешілетінін айтты.
«Алматының проблемасына тоқталсақ, соңғы кезде қалаға бірнеше аудан қосылды. Сондағы ауылды елді мекендерде заңдастырылмаған нысандар көп кездеседі. Осы орайда 14 мыңға жуық нысанға қатысты рұқсат құжаты рәсімделмеген. Басқа қалаларда осындай деректер сирек болса, ал мұнда (Алматыда) көптеп кездеседі», — деді министр.
Ведомство басшысы Алматыдағы мәселені шешудегі қадамдар нәтижелі болуы керек екенін айтты.
Оқи отырыңыз:
- Алматы облысында ауруханада пациент тірідей өртеніп кетті
- ЕАЭО-да шешім консенсус арқылы қабылданады – Алексей Оверчук
- Украинадағы соғысқа байланысты ВИЧ және құрт індеті көбеюі мүмкін