Басты бет Қоғам Алматыда 70 жылдық ескі үйлердің тұрғындары жер сілкінісінен қауіптеніп отыр (видео)

Алматыда 70 жылдық ескі үйлердің тұрғындары жер сілкінісінен қауіптеніп отыр (видео)

Алматыда қабырғасы қақырап, іргетасы үгіліп, шатыры шұрық-тесік күйге түскен үйлердің тұрғындары наразылық білдірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Кемел ықшамауданындағы қос қабатты екі үй адам көргісіз күйге түскен. Өйткені салынғанына биыл – 70 жыл. Содан болар, ағаштан салынған үйлердің қабырғасы әбден кеуіп, шіріп кетіпті.

Тозығы жеткен ғимараттарда жалпы саны 22 пәтер бар. Онда тұратын жұрт үйдің іші-сыртын шама-шарқынша жөндеумен келеді. Бірақ енді нысандарға ештеңе көмектеспейтін сыңайлы.

Гүлзара Сайдоллаева, Алматы қаласының тұрғыны:

— Жөндеу жасағанымен, ертең бәрібір құлайды. Жер сілкінсе, мына үйлер құлайды.

Ғимараттардың тек сырты емес, іші де апатты жағдайда.

Шұрық-тесік шатырдан жауын жауған сайын су сорғалайды. Содан үйдің төбесі үгітіліп түсіп жатыр. Жұрт күндердің бір күнінде төбеміз жаңбырға шыдас бермей, «түбегейлі опырылып түсе ме?» деп қатты қорқады.

Бұл аздай, үйлердің коммуналдық мәселелері де бар. Мәселен, мұнда жылу жоқ. Жұрт тоқ пешпен жан бағады. Ал тамақты газ баллонымен пісіреді. Қауіпті жағдайда өмір сүріп жатқандар бұл нысандарды сүріп, орнына «жаңасын салып берсе» дейді. Ал, атқамінерлер бұл үшін инвестор іздеп жатыр екен. Бірақ, оны қашан табатынын өздері де білмейді.

Қуаныш Сейтімбетов, Жетісу аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

— 2019 жылдың күз айларында инвесторларды шақыртып көрсеткенбіз. Тұрғындар қашанғы күтеді? Бұл жайында біз жұмыс істеп жатырмыз. Шақыртып жатырмыз инвесторларды.

— Нақты уақытын айта алмайсыз ба? 

— Нақты уақытын айта алмаймыз.

Атқамінерлер тозығы жеткен нысандарды апатты деп танымаған. Тіпті бұларды «жөндеуге болады» дейді аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы. Сондықтан нысандарды тұрғын үйлерді модернизациялау бағдарламасымен жөндеуді ұсынып отыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...