Басты бет Қоғам Денсаулық Алматыда қант диабетімен ауыратын балалардың ата-анасы шу шығарды (видео)

Алматыда қант диабетімен ауыратын балалардың ата-анасы шу шығарды (видео)

Алматыда қант диабетімен ауыратын балалардың ата-анасы шу шығарды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ата-аналардың безілдейтін жөні бар. Бәрі де қант диабетіне шалдыққан ұл-қыздарының денсаулығына алаңдап, шыр-пыр болып жүр. Өйткені екі жарым айдан бері мемлекеттен тегін берілетін тест жолақтарын алмапты. Сондықтан кішкентай науқастардың қан құрамындағы глюкоза көлемін күнделікті тексеріп отыруға барлығы да қажетті препараттарды өз қаржысына сатып алуға мәжбүр. Бағасы да арзан емес. Бір қорабы 5 мың теңге көлемінде. «Оның өзі небәрі 2-3 күнге жетеді», — дейді ата-аналар.

Нұржамал Медетова:

— Кейде екі аптада 200 рет бармағынан тексеремін, қантына қарап. Жаңағы бір қорап маған екі күнге, кейде үш күнге жетеді. Қосымша әрқашан алып отырамыз.

Кейбір ата-аналарға кешелі бері қажетті дәрі-дәрмек үлестіріле бастапты. Бірақ бұрынғы үйренген препараттар емес, өзге өндірушінің тест-жолақтары берілген. Алайда оны пайдаланудан ата-аналар қорқып отыр.

Наталья Ковалева:

— Қораптың сыртында жарамдылық мерзімі 2020 жылға дейін деп жазылған. Бірақ оны өшіріп, орнына «2027 жылға дейін жарамды» деп жазып қойыпты. Демек, бұл компания біздің балаларымыздың өміріне қауіп төндіріп тұр. Яғни мерзімі өткен құрылғы қандағы қант құрамын дұрыс көрсетпесе, балаға инсулинді артық не кем егіп қоюымыз мүмкін. Ал одан науқас өліп кетеді.

Жаңадан беріле бастаған тест-жолақтарының қорабында ылғалды сорып алатын сүзгі де атымен жоқ дейді ата-аналар. Сондықтан оны ұзақ сақтау мүмкін емес көрінеді.

Екатерина Морозова:

— Тест-жолақтары бізге енді беріле бастады. Ал мынау бұрыннан қолданып жүрген препарат. Қараңыз, ылғалды сорып алатын сүзгісі бар. Ал кеше алған қорапта ондай қондырғы жоқ. Демек, бұл препараттарды сақтау, тасымалдау мүмкін емес. Ішіне ылғал жиналса, қант мөлшерін дұрыс анықтай алмайды.

Қант диабетіне шалдыққандарға тест-жолақтарын жеткізудің біраз кешіккенін «СК-Фармация» басшылары да мойындап отыр. Ал құрылғы сыртындағы жарамдылық мерзімінің өзгертілуі бала өміріне «қауіпті емес» деп сендіргілері келді.

Берік Шәріп, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

— Жарамдылық кезі 9 жыл. Сол себептен олар сәйкестендіру мақсатында өндірісін 2018 жылы бастаған. Сондықтан 2027 жылға дейін жарамды. Сәйкестендіруді қалпына келтіруге қорапшаларды ұзартты.

Жаңа препараттар Алматыдан бөлек, Қарағанды, Павлодар қалаларында да беріле бастапты. Ол жақтағы науқастар да қант мөлшерін анықтайтын құрылғының жарамдылық мерзімі қолдан ұзартылғанын аңғарған. Сондықтан инсулинге тәуелді науқастар күмәнді тест-жолақтарын пайдаланудан түбегейлі бас тартып отыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...