Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара қылды қақ жаруы тиіс судьяның тұтылған сәті жазылған. Құзырлы орган қызметкерлері сот төрағасының қалтасынан бірнеше дана АҚШ долларын шығарып, санап жатыр. Күдікті қарызы бар азаматқа шекара асуға септігін тиігізіп, оған санкция бергені үшін ауызбастырық алыпты. Судья өзінің жымысқы әрекетін сот отырысының хатшысы арқылы жүзеге асырған көрінеді.
Алтынбек Баянов Бостандық аудандық сотының төрағасы қызметін 2015 жылдан бастап атқарды.
Оқи отырыңыз:
- Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды
- Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды
- Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)