Басты бет Оқиға Алматыда бүлдіршінге дөрекілік танытқан балабақша күтушісі камераға түсіп қалды (видео)

Алматыда бүлдіршінге дөрекілік танытқан балабақша күтушісі камераға түсіп қалды (видео)

NUR.KZ редакциясына Алматы қаласының тұрғыны Алина хабарласып, балабақшада күтушінің баласына дөрекілік көрсетіп, қол көтергенін мәлімдеді. Айтуынша, басында мекеме басшылығы балаға қол көтеру фактісін жоққа шығарған, алайда кейіннен күтуші мен балабақша меңгерушісі болған жайтты мойындаған.

Алина өткен жұма күні баласын балабақшадан алып кетуге барғанда, оның денесінде сызат пен көгерген іздер байқаған. Тәрбиеші мен күтуші бұл іздердің қайдан пайда болғанын білмейміз деп құтылған. Содан соң келіншек болған жайтты анықтау үшін меңгерушіге жүгінгенін.

«Мен одан бақылау камераларының жазбасын беруін талап еттім. Ол үшін дүйсенбі күні келуім керек екенін айтты. Маған баламның жай ғана ойнап, ұйықтап жатқаны түсірілген видеоны көрсетті. Бейнежазбаларды толық қарап шығып, ештеңе таппағанын жеткізді. Мен сендім.

Бірақ іштей күмәндандым. Балабақшаның айналасында ары-бері жүріп, бір келіншекпен сөйлесіп қалдым. Ол баласын осы балабақшаға орналастырмақ болған, бірақ абайсызда меңгерушінің тәрбиешілерге ұрсып жатқанын естіп қалыпты. Меңгеруші қоластындағы қызметкерлеріне айқайлап, күтушіден балаға неліктен қол көтергенін түсіндіруді талап еткен.

Мен ол келіншектен ары қарай сұрастырып жатып, тәрбиешілердің бірінің есімі Ира екенін білдім. Олар бассейнге баратын бала туралы айтып жатыр екен. Сол кезде әңгіме менің балам жайында екенін түсіндім», – дейді Алина.

Содан соң ол баласының тобына кіріп, екі тәрбиешіні де сөзге тартқан. Болған жайдан хабардар екенін айтып, алдап құтыла алмайтындарын ескерткен.

«Күтуші көзіне жас алып, балаға қол көтергенін мойындады, байқамай қалғанын айтады. Дереу меңгерушіге барып, барлығын білетінімді жайып салдым.

Ол бірден мойындап, күтушіні қорғап қалу үшін өтірік айтқанын жеткізді. Жасырған барлық бейнежазбаларды көрсетіп, тізерлеп тұрып болған оқиғаны жария етпеуімді өтінді», – деп жалғастырды келіншек.

Оған бұл туралы құқық қорғау органдарына шағымданбауын сұрап, 280 000 теңге ұсынған. Алайда, Алина бұл істі бейжай қалдырмай, жергілікті атқару органдарына жүгінген.

Оның үстіне, күтушінің балаға қол көтергенін дәлелдейтін бейнежазбаны да ұсынған.

«Жазбада баламның күтушіден көрпенің астына тығылып жатқаны көрінеді. Ал ол болса көрпені ашып тұрып ұрып жатыр. Бала жылай бастағанда қорыққаннан, екінші тәрбиеші көріп қояма деп оны жұбата бастайды.

Бұл күтушіні дереу жұмыстан шығарды. Бірақ, біле тұра, менен балама дөрекілік көрсетілгенін жасырған меңгеруші бар ғой.

Балық басынан шіриді. Күтушінің жұмыстан шығарылуы бұл балабақшадағы жағдайды өзгертпейді», – деп түйіндеді Алина.

NUR.KZ тілшісі аталған балабақшаның меңгерушісімен байланысып, болған оқиғаға байланысты пікірін сұрады.

Алайда, ол БАҚ өкілдерімен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартып, Алинаның шағымына қатысты ешқандай түсініктеме бермейтінін жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...