Алматыда алименттен жалтарып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, ол балаларына 1 млн теңгеден астам ақша қарыз болып қалған.
Патрульдік экипаж жауапсыз әкені Тілендиев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында ұстаған. «Шевролле» көлігінің жүргізушісі алимент бойынша берешегі үшін іздеуде жүрген.
Ұстау кезінде ер адам полицейлер мен сот орындаушыларға қандай да бір құжат көрсетуден бас тартты.
Борышкердің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді. Ер адам қарызын толығымен өтегенге дейін көлік сол жерде тұрады.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандық оқушылар 28 алтын медаль жеңіп алды
- Ресей Қазақстанның уран өндірісі саласына инвестиция салуға мүдделі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: Қарағандыда 1 келі қант 1300 теңге тұрады