Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: не өзгерді

102
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, әкімшілік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріхана мен қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдарды қоспағанда Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ байланыссыз қызметтер: автожуу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі мен гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компания мен бизнес орталықтардың қызметіне рұқсат берілген.

Сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбард, банк, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері жұмыс істейді.

Осы аталған нысандар мен қызмет түрінен басқа ұйымдар 2021 жылдың 2-16 тамыз аралығында жұмыс істемейді, ал Ashyq жобасына қосылғандар сенбі-жексенбі қызметін тоқтатады.

Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Мемлекеттік органдардың, офис, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге жіберуге тиіс. Бұған вакцина салдырғандар мен кейінгі үш айда коронавируспен ауырғандар кірмейді.

Қалада қоғамдық көлік тоқтаусыз жұмыс істейді.

Қаулы 2021 жылдың 2 тамызынан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін, Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу туралы шарттарды мына жерден оқуға болады.

Оқи отырыңыз: