Басты бет Қоғам Алматыда екі ай жалақы алмаған жұмысшылар наразылыққа шықты (видео)

Алматыда екі ай жалақы алмаған жұмысшылар наразылыққа шықты (видео)

«Ұлжан-2» шағынауданындағы бұл аумақта техника бірнеше күннен бері қозғалыссыз тұр. Себебі құрылысшылар жұмысқа шығудан бас тартқан, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Жыл аяғына дейін 21 көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталуы керек еді. Әзірге жоспарланған жұмыс тек жартылай ғана біткен. Жұмысшылар еңбекақыны алмағанша орнымыздан қозғалмаймыз дейді. Олардың басым бөлігі қалаға Оңтүстік өңірден келген. Барлығы үйінің жалғыз асыраушысы.

«Осы жерге жұмысқа тамыздың 15-де келгенмін. Содан әлі айлық алған жоқпыз. Тамақ, жататын жер осы жерден. Бірақ әлі қолымызға айлық түскен жоқ», – деді мердігер компания жұмысшысы Қайрат АЙНАҚҰЛОВ.

«Бізге басында әр айдың 10-ына дейін береміз деп уәде берген. Енді 10-ынан асып кетті қазір. Бәріміздің несиеміз бар. Сонау Қызылода облысы, Қазалы ауданынан осы жерге жұмыс істеуге келдік», – дейді жұмысшы Ізет МҰРАТОВ.

Ал, мердігер компания басшылығы орнында болмай шықты. Жұмысшылардың келсін деген өтінішін де елемеген. Жиналған жұрттың сұрақтарына компанияның жалғыз өкілі, құрылыс тобының бригадирі жауап қатты. Алайда оның сөзінше, жалақы тек 10 күн берілмей қалған. Мұндай жағдай бірінші рет

«Біз тек бір айдың жалақысын беруіміз керек. Аумақ басшысы жұмысшыларға аванс беру үшін кеңсеге кетті», – дейді «Дәулет-дорстрой» ЖШС құрылыс бригадасының басшысы Айбар ӘУБӘКІРОВ.

Құрылысшылардың сөзінше, жалақының берілмеуіне қаржылай қиындықтар себеп болған. Тапсырыс беруші қалалық мобильділік басқармасы қаржыны толық аудармаған дейді. Сол себепті біздің еңбекақымызды кешіктіріп жүр дейді жұмысшылар. Ал басқарма белгіленген қаражат мердігер компанияға уақытылы аударылғанын алға тартуда.

«Дәулет-дорстрой» ЖШС ішкі мәселесіне қатысты ештеңе айта алмаймын. Мердігер компания Ұлжан-2 шағын ауданында жол құрылысын жүргізіп жатыр. Жүргізілген құрылыс жұмысына сай қаржы игерілген. Қазіргі таңда біздің тарапымыздан берілген өтініш бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп күтілуде. Оған қоса, жергілікті бюджеттен қосымша қаржы қарастырылады деп жоспарланып отыр», – деді Алматы қаласы Мобильділік басқармасының бөлім басшысы Асан БОСТАНОВ.

Құрылысшылардың жалақысы нақты қашан берілетіні белгісіз. Кесірінен Ұлжан-2 шағын ауданындағы құрылыс жұмысы да бірнеше мерзімге шегеріледі. Мұндай қарқынмен Алатау ауданындағы бірнеше көшеге сапалы жо әзір төселмейтін сыңайлы.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...