Алматыда анасының көзінше баласын көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Екі жасар қыз үйінің алдында ойнап жүрген. Анасы бүлдіршінді құтқаруға тырысқанымен, үлгере алмады.
Жантүршігерлік жағдай бақылау камерасына түсіп қалды. Жер үйде тұратын отбасылардың бірі баламен есік алдына серуендеуге шыққан. Екі жасар қыз анасының жанында ойнап жүреді. Бір уақытта үйдің тура жанындағы тас жолға жүгіріп шыққан. Анасы баланы ұстап қалуға ұмтылғанымен, үлгерген жоқ. Күтпеген жерден жеңіл көлік зу етіп өте шықты. Бүлдіршін сол арада тіл тартпай кетті. Ал тежегішін басып үлгермеген жүргізуші қамауға алынды. Қазір жігіттің жеке үйлердің арасымен қандай жылдамдықпен жүргені анықталып жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
— ҚК 345- бабы 3-тармағы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Егер баланы көре тұра, автокөлігінің тежегішін басып, автокөлікті тоқтатуға мүмкіндігі болса, оны да міндетті түрде сараптама айқындайды.
Оқи отырыңыз:
- 42500 теңгеге өтініш беру тоқтатылды ма: Нұрымбетов пікір білдірді
- Полицейлер адасып кеткен 4 жасар баланы ата-анасымен қауыштырды
- Қазақстанда соңғы қоңыраудың қалай өтетіні белгілі болды
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз