Басты бет Аймақтар Алматы облысы Алматыда криминогендік жағдай қалыпты

Алматыда криминогендік жағдай қалыпты

Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес облыстағы криминогендік жағдай қалыпты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өңірдегі қылмыстар саны 40,7 пайызға төмендеді. Нақты айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық түрлерінде төмендеу байқалады.

Оның ішінде:

  • кісі тонау – 36, 8%;
  • бұзақылық – 31,25%;
  • өзгенің мүлкін ұрлау -56,7%;
  • зорлау -33,3%;
  • мал ұрлығы -25,5 %;
  • денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 21,8%;
  • өзгенің көлігін айдап кету – 22,2% және т.б.

Мысалы, Алтын Орда базарының аумағында 1 ұрлық дерегі тіркеліп, ол ізі суымай ашылды. Есепті кезеңде Қарасай ауданында өзгенің мүлкін ұрлаудың 29 дерегі тіркелген. Ал, өткен жылдың осы кезеңінде осыған ұқсас 74 қылмыс жасалған болатын.

Сонымен қатар, төтенше жағдай енгізілгелі бері облыс аумағында кісі өлтіру немесе қарақшылық шабуыл сынды ауыр қылмыстар тіркелмегенін атап өту қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласына кіре берістерге 17 блок-бекет қойылған болатын. Блок-бекеттердің негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ короновирус індетінің таралуының алдын алу. Ең көп блок-бекет Қарасай ауданының аумағында орналастырылған. Осы уақыт аралығында аталған бекеттер аумағында қандай да бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ.

Дегенмен, 42 адам ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 40 адам кіріп-шығудың ерекше тәртібін бұзғаны үшін, ал екі азамат көп адам қатысатын іс-шара ұйымдастыруға салынған тыйымды бұзғаны үшін жазаға тартылды.

Олардың отызына 3 тәуліктен 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау түріндегі санкция қолданылса, қалғандарына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласынан шығаберістерде, Іле және Қарасай аудандарында қоғамдық тәртіпті бақылайтын жаяу патрульдердің жұмысы ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз:

Фото: Polisia.kz

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...