Басты бет Оқиға Алматыда мүгедек кейуананы күтуші әйел соққыға жығып, тонап кетті

Алматыда мүгедек кейуананы күтуші әйел соққыға жығып, тонап кетті

Алматыда 5 қаңтарда мүгедек кейуанаға бір ай бойы күтім жасаған медбике, ақырында оны соққыға жығып, тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаскөй әйелдің жанында көңілдес сыбайласы болған.

1953 жылы туылған әйелді таңғы 9-дан кешке дейін ұрып-соққан. Дауысын шығармас үшін аузына шұлық тығып, оны тепкілеп, үстіне секірген. Медбике оны тұншықтырып, өз қолымен өлтіремін деп айқайлаған. Мұның бәрі кейуананың үйіне күтушінің өзімен бірге тұратын ер адамды ертіп келіп, арақ ішуінен басталған. Бұл кезде әжейдің ұлы мен қызы жұмыста болыпты. Арақ ішіп отырған олардан кейуана су сұрапты. Сол кезден бастап ол соққыға жығылған.

Жәбірленушінің ұлы «НеМолчиkz» қорына құқық қорғау органдарының еш әрекет етпегені үшін шағым түсірген.

Ер адам үйге оралғанда қорқынышты көрініске тап болған. Үйде бәрі шашылып, еден қанға боялып, анасы көкала қойдай боп отырған. Олар жедел жәрдем шақырып, анасын ауруханаға жеткізген.

Учаскелік полиция қызметкері келген, сот сарапшылары да, сараптама да, ештеңе де жасамаған. Үйден алтын әшекейлер мен әжейдің ұялы телефоны да жоғалып кеткен. Мүмкін тағы бір нәрселері жоғалған шығар, бірақ қазір олардың дүниесін түгендеуге мұршасы жоқ. Отбасы ананың денсаулығына алаңдаулы, полициядан да ешқандай көмек ала алмауда.

«Шамасы, полиция бұл істі тұрмыстық зорлық-зомбылық ретінде тіркей салмақшы секілді, бірақ біз бұл жерде ауыр қылмыс жасалғанын көріп отырмыз», — деді жәбірленушінің ұлы.

Ақыры Бостандық полиция бөлімінен ешқандай қайыр болмаған соң жәбірленушінің ұлы медбикені өзі тауып алған. Ол үйінде удай мас болып жатқан. Оны өз қолымен полицияға алып келіп тапсырып, одан жауап алынғанда, күтуші әйел еш ұялмастан «оны өз қолыммен қылқындырып өлтіремін» деп айқайлаған.

«Бостандық ауданының полиция қызметкерлері ҚР ҚК 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...