Алматыда Назарбаев мектебінің оқушысы өзіне қол салды – полиция түсініктемесі

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алматыда өзіне қол салған химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қайтыс болды. Қаланың полиция департаменті суицид болғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 27 қазанда болған. Ал мектеп мұның сабақтан тыс уақытта болғанын хабарлады.

Мессенджерде тараған ақпаратқа сәйкес, 8-сынып оқушысы мұндай әрекетке мектеп психологымен болған әңгімеден кейін барған.

Полиция департаменті оқушы өз үйінің 11-қабатынан секіріп кеткенін растады.

Бұл факті Бостандық ауданының полиция басқармасында қылмыстық кодекстің 105-бабы («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

«Болған оқиғаның себебі мен мән-жайы іс жүргізу барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Мессенджерде тараған ақпаратқа сәйкес, сәрсенбіде оқушы Гарри Потер стилінде киінген, ол әзіл үшін белдемше таққан. Оған кураторы дауыс көтеріп, күштеп психологқа апарған. Бала психологпен әңгімеден кейін терезеден секіріп кеткен.

Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі де оқушының суицид жасағанын растады. Алайда оқушы мен психологқа қатысты жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

«Назарбаев зияткерлік мектеп әкімшілігі 2021 жылдың 27 қазанында оқушы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырағанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз