Басты бет Оқиға Алматыда пәтерін зарарсыздандырамын деп уланған бала мен ана да көз жұмды

Алматыда пәтерін зарарсыздандырамын деп уланған бала мен ана да көз жұмды

Алматыда қандала дәрісінен уланып, ауруханаға түскен әйел көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жәндік дәрісінен уланып түскен 1952 жылы туған науқас кеше, 18 желтоқсан күні ес жимастан қайтыс болды. Ол осыған дейін ес-түссіз ауыр халде болып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Кеше жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер барлық реанимациялық шараларды жасады, бірақ бәрі сәтсіз болды», – дейді басқармадағылар.

Айта кетсек, 1 желтоқсанда 1952 және 1982 жылғы ана мен бала Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөліміне келіп түсті. Олар жүрегі айнып, басы қатты ауырып, аяқтары ұстамай, әлсіреп, іштері бүріп ауырады деп шағымданған. Көп ұзамай оларға: «Жәндіктерге арналған өте улы заттан тыныс алу жолы арқылы улану» диагнозы қойылды. Сөйтіп екеуі жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын.

12 желтоқсанда 1987 жылғы ер адам жүрегі тоқтап, ес жимастан көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...