Алматыда полицей басына оқ тиіп, мерт болды

Фото көрнекілік үшін pixabay.com сайтынан алынды

Бұл дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасына сілтеме жасап.

«Алматы қаласы ПД 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша («Абайсызда қазаға ұшырату») үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Автор: Айзат Ермекқызы