Алматыда полицейлер көшелердің бірін қоршауға алды

Фото: pixabay.com

Алматыда полицейлер күмәнді қорап табылған Сайын көшесі мен Төле би даңғылының қиылысын қоршауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға тұрғындар хабарласып, көше қиылысында күмәнді қорап жатқанын жеткізген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көшені қоршауға алып, көліктердің жүру бағытын өзгертті.

Мамандар күмәнді қорапты тексерді, бірақ қауіпті ештеңе табылмады.

Дегенмен, Алматы қаласының полициясы қырағылық пен сақтық танытқан тұрғындарға алғыс білдіріп отыр.

Оқи отырыңыз: