Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныстың күрт артқанын нақтылады, деп хабарлайды zakon.kz.
— Қазір, әсіресе тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныс күрт артты. Егер 2019 жылы вакцинаның 100 мың дозасын 1 желтоқсанда түгессек, онда осы жылдың қазан айында алматылықтар 130 мың доза вакцина алды, — деді ол.
Оның айтуынша, қосымша 56 мың вакцина алдыртылған.
— Қоймаға тапсырыс берген 300 мың дозадан бөлек қосымша 56 мың доза келіп түсті. Қазір екпеден бас тартып жатыр деп айта алмаймыз. Керісінше, вакцинацияға деген сұраныстың артуы байқалады, — деп сөзін қорытындылады Бекшин.
Оқи отырыңыз:
- «Сау адамды ауру қылады»: Балғынбек Имаш маска тақ деп қақылдайтын билікке ренішін білдірді
- «Салық төлеуді ұмытып кеткен» әкімдердің тізімі желіде жарияланды
- «Жағдайды қиындатып отырсыз»: Нығматулин денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынады