Алматыда тауда жоғалған ерлі-зайыпты құтқарылды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алматыда жоғалып кеткен ерлі-зайыпты қызметтік иттің көмегімен табылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

10 сәуірде түнде республикалық жедел құтқару отрядына шақырту келіп түсті. Кім-Асар шатқалында ер адам мен әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама жіберілді. Жедел құтқару тобы мен кинологтар тауға аттанған.

Бұл уақытта жоғалғандармен ұялы байланыс та орнатылды. Сол арқылы олардың орналасқан жері анықталды. Құтқарушылар сол маңға жақындағанда Эра есімді қызметтік ит бірінші болып адамдардың дауысын естіп, сол жаққа қарай жүгіріп үре бастайды.

Туристердің қары қалың Бутаков шатқалына қарай кетіп қалғаны анықталды. Қараңғы түсіп кеткендіктен олар бағытынан жаңылып, киімдері лайық болмағандықтан малмаңдай су болып тоңып қалған.

Фото: МЧС Казахстана

Иттің мойнына жарық шашатын арнайы қарғыбау кигізілген. Сондықтан туристер одан қорыққан жоқ. Өздеріне көмек келе жатқанын түсінген.

Жедел құтқару жасағы туристерге жылы киім беріп, қалаға жеткізді.

Оқи отырыңыз: