Алматы қалалық заңгерлер алқасының заңгері полиция қызметкеріне мас күйінде шабуыл жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ “Nissan Qashqai” маркалы көлікті патрульдік полиция қызметкерлері Шаляпин көшесінің бойында байқады. Көлік құралы тоқтатылды. Алайда оның ішінде отырған екі ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық білдірді.
“29 жастағы жүргізуші ұятсыз сөздер айтты, мас күйінде болған, 1986 жылы туылған оның жолаушысы патрульге қарсы күш қолданды: ол полицейді басымен ұрды. Күдікті дереу құрықталды. Оған қатысты, қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы – билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жүргізуші – Ж. есімді тұрғынға қатысты ҚР ӘҚбК-і 590-баптың 2-бөлімі, 612 баптың 1 бөлімі, 613 баптың 4-бөлімі, 476-баптың 6-бөлімі бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылды, материалдар сотқа жіберілді. Көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды”, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.
Тәртіп сақшыларына қоқан-лоқы көрсеткен адам – онжылдық тәжірибесі бар Алматылық заңгерлер алқасының белсенді мүшесі екені анықталды.
Оқи отырыңыз:
- 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті
- 90 жастағы кейуана қайтыс болғаннан кейін COVID-19 диагнозы анықталды
- Қытай өз дәрігерлерін Қазақстанға жіберіп жатыр
Фото: видеоның скриншоты
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз