Алматы қаласында карантин енгізілуіне байланысты қаладағы мешіттер уақытша қызметін тоқтатады. Бұл туралы қаладағы орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
«Алматыдағы карантинге байланысты қаладағы мешіттің барлығы жабылып, қызметтер уақытша тоқтатылады. Бес уақыт намаз мешіттерде оқылмайды, үйде өтеледі», — делінген ақпаратта.
Сонымен қатар мешіттердің жабылуына байланысты жұма намазы мешітте оқылмайды, оның орнына үйде бесін намазы өтеледі.
Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жарияланды.
19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті, Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам тіркелді.
Оқи отырыңыз:
- Оралда өзін өлтірмек болған 17 жасар қызға екі қылмыстық іс қозғалды (видео)
- Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев теңгенің әлсіреуіне байланысты Ұлттық банкке тапсырма берді
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз